Жақсы адамның шешімі
Жақсы адамның шешімі
Айтыскер ақын ол жағдайдың бәріне кеңдік жасайды. Сөйтіп, өзі көліксіз әрі ақшасыз қалады. Арада ай өткенде досымен бірге әлгі азаматтың үйіне барып-қайтуға бел буады. Өзіне шұғыл қажет болған соң, қарыз ақшаның біраз бөлігін сұрамақшы болған. Аталған үйге барса, Секеңмен саудаласқан әлгі жігіт үйінде жоқ екен. Жігіттің қарт анасы бар екен. «Өзімнің сырқатым бар. Осы үйді бағып отырған өзің айтып отырған балам. Жақында бір көлік алып, сонымен ары-бері жолаушыларды тасып, керек-жарағымызды әкеліп жатыр. Күніміз сол балаға қарап тұр», – дейді. Сонда қарызын сұрау ниетімен барған Серік Мақұлбекұлы орнынан түрегеліп, қарт анамен қоштасып, ештеңе айтпастан қайтып кетіпті. Ал, біз осындай мәрттік, мейірбандық жасай аламыз ба?..
Есет ДОСАЛЫ