ЖОМАРТ ҚЫТАЙ ЖҰРТТЫ ТАҢҒАЛДЫРДЫ
ЖОМАРТ ҚЫТАЙ ЖҰРТТЫ ТАҢҒАЛДЫРДЫ
Қытай кәсіпкері Сюн Шуихуа туған ауылында тұратын отбасыларға түгел үй салып берді. Қазір оның ауылындағы бұрынғы ескі ағаш үйлер мен лай-батпақ боп жататын жаман жолдар жоқ. Оның орнына мынандай (суретте) ғажайып үйлер пайда болған. Кезінде кедей отбасынан шыққан, қалтасында бір тиыны да жоқ баланың жүрегі қалталы кәсіпкер боп кеткен кезде де ауылдастарын ұмытпапты. Тіпті, ол табысы төмен зейнеткерлерге үш мезгіл ыстық тамақ бергізуді де ескеріпті. Бүгінде жап-жаңа аппартаменттерге көшіп кеп, қоныстанған 72 отбасы жетілген жерлестерінің арқасында әп-әдемі өмір сүріп жатыр. Ал елуден енді асқан бай қытайыңыз болса жаңа ауылды салуға 6 миллион доллардан астам қаржы жұмсапты. Сюн сері қыруар ақшаны металлургия саласынан тапқан.
«Ақ жол-Ақпарат».