«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы
«Мерейлі отбасы-2023» Ұлттық конкурсының аудандық (қалалық) кезеңіне 15 мамыр – 15 маусым аралығында өтініштер қабылдау жүргізіледі Конкурстың ұйымдастырушылары: аудан, қала әкімдіктері. Конкурсқа қатысуға өтінім аудандық (қалалық) комиссияға жыл сайын конкурстың басталғаны туралы көпшілікке жарияланған күннен бастап бір ай ішінде, қағаз немесе электрондық нұсқада мынадай құжаттармен қоса беріледі: 1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері; 2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме; 3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі; 4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса); 5) балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері; 6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу); 7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері; 8) қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) (бар болса) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері; Толық ақпаратты аудан (қала) әкімдігінің ішкі саясат бөлімдерінен немесе аудан (қала) әкімдігінің ресми сайттарынан алуға болады. Анықтама телефоны: 8 (7262) 459990.