- Advertisement -

Дулат финалға шықты

46

- Advertisement -

Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатында да отандастарымыз табысты өнер көрсетуде. Осы кезге дейін жеті боксшымыз ширек финалға өткенін айтқан едік. Ширек финалда 48 килограмға дейінгі салмақтағы отандасымыз Санжар Тәшкенбай жапондық Кадзумо Аратакені жеңсе, медальмен оралу мүмкіндігіне ие болады. 54 килограмда Махмұд Сабырхан жастар арасындағы әлем чемпионы, Үндістан өкілі Сачин Сачинді ұтып, жеңісті жорығын жалғастырды.

Жамбылдық қос боксшы да жеңісті жорықтарын жалғастырып келеді. 67 килограмм салмақтағы Дулат Бекбауов мексикалық боксшыны айқын басымдықпен ұтып, жартылай финалға өтсе, 71 килограмдағы Асланбек Шымбергенов ширек финалда француз боксшысы Макан Таруреден айласын асырып кетті. Нұрбек Оралбай да келесі кезеңге өтті. Өкінішке қарай, Серік Теміржанов ширек финалда жеңіліс тапты. Сондай-ақ, аса ауыр салмақтағы боксшымыз Қамшыбек Қоңқабаевтың да 1/4 финалда жолы болмады. Жалпы, бокс мамандары чемпионат басталмай тұрып-ақ Қамшыбекке жеребенің ауыр түскенін айтқан еді. Дегенмен, Қоңқабаев ширек финалға дейін жақсы жетті. Жүлдеге сынық сүйем қалғанда оны өзбекстандық әйгілі қарсыласы Бахадур Жалолов күтіп тұрған. Қос мықтының жекпе- жегі тартысты өтті. Алғашқы екі раундта Жалоловтың басым болғанын мойындаймыз. Бірақ, соңғы раундта Қамшыбек өзбек боксшысын біраз сабап алды. Соған қарамастан, төреші өзбек боксшысының қолын көтерді.

Енді бес отандасымыз жартылай финалда өнер көрсетеді. Санжар Тәшкенбай ресейлік Эдмонд Худоянмен, Ал Махмуд Сабырхан кубалық Йосвани Вейтиямен кездеседі. Дулат Бекбауов грузиялық Лаша Гурулиге қарсылас атанса, Асланбек Шымбергенов үндістандық Нишант Девтен айласын асыру жолында тер төгеді.

Бет қатталып жатқанда Санжар Тәшкенбайдың, Махмуд Сабырханның, жамбылдық Дулат Баубековтың финалға өткені жайлы қуанышты хабар жетті. Жігіттердің алар асуы алтын боса дейміз!

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support