Педагогтер өңіраралық форумда бас қосты
Педагогтер өңіраралық форумда бас қосты
Облыс орталығында 300 педагог бас қосқан «Жаңару жаршысы-2023» атты жеке мектептердің ІV өңіраралық форумы өтті. Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының жетекші мектептерінің педагогтері, облыстық, аудандық оқу-әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері, Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз, Талдықорған, Қызылорда, Шымкент қаласындағы филиалының қызметкерлері қатысқан форумда «Жетекші мектептердің кәсіби қоғамдастықтарының табысты тәжірибесі» атты көрме ұйымдастырылды.
Өңіраралық форумның «Жетекші мектеп: табыстылық траекториясы» тақырыбындағы пленарлық бөлімінде педагогтер жаңашыл идеяларымен бөлісті. Форум жұмысы түрлі өңірден келген педагогтердің іс-тәжірибе алмасуына бағытталған территориялық отырыстармен жалғасты. Сондай-ақ, форум аясында «Өзгерістерді басқару: механизмдер, құралдар, ресурстар» тақырыбында жетекші мектеп басшыларымен нетворкинг жұмысы және «Педагогикалық қоғамдастық: мәселелер мен шешімдер» тақырыбында питч-сессия ұйымдастырылды. «Жаңару жаршысы-2023» жетекші мектептердің ІV өңіраралық форумының жұмысы қатысушылардың «Форум барометрі» кері байланысымен қорытындыланды.
«Aq-jol»-Aqparat.