Мәдениет

«Балалардан балаларға» жобасы аясында қос кітаптың тұсау кесері өтті

«Балалардан балаларға» жобасы аясында қос кітаптың тұсау кесері өтті

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен №2 «Болашақ» арнайы мектеп –интернатында «Балалардан балаларға» жобасы аясында дыбыстанған екі кітаптың тұсаукесері өтті. 

Соның ішінде №10 мектеп оқушылары Қазақстанның халық жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына орай шығармаларын оқыды. Ал, «Анаға тағзым» орталығының басшысы Эльмира Мырза-Ғалидың бастамасымен Б. Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназия оқушылары танымал ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқып, аудиотаспалады. Тұсау кесер барысында «Инклюзия және театр» жобаның аясында Ш. Мұртазаның «Интернат наны» шығармасынан үзінді сахналанды. Сондай-ақ, №2 «Болашақ» арнайы мектеп –интернатының оқушылары музыкалық номерлер ұсынды.