Экономика

Жамбыл ауданында алақандай ауылға ауызсу келді

Жамбыл ауданында алақандай ауылға ауызсу келді

Ауданымызда алақандай ауылдарға ауыз су құбыры қолданысқа беріліп, тұрғындар тіршілік нәріне қол жеткізуде.

Бүгінде облысымызда ауыл-аймақты ауызсумен қамту жұмыстарына баса назар аударылып отыр. 2025 жылы аймақта ауызсумен қамту көрсеткіші 100 пайызды құрайтын болады. Тіршілік нәрінен ат төбеліндей ауылдар да тыс қалмағаны қуантады. Мысалға, Жамбыл ауданы, Тоғызтарау ауылдық округіне қарасты Құмсуат ауылында бас-аяғы 18 түтін ғана бар. Тұрғындар саны 50-ден асады. Ауыл болып 1968 жылы құрылған елді мекен 55 жыл бойы сапалы ауызсу жүйесіне қосылмаған. Бірақ ағымдағы жылы ауыл азаматтарының кездесуде аудан әкіміне айтқан өтініші негізнде ауыз сумен қамтуға жеке модульдік қондырғы орнатылылып, күні кеше ел игілігіне берілді. Ауыл жұртшылығы мұндай жұмыстарды оң бағалап отыр. – Балалық шақтан қартайған күнге дейін құдықтан су ішіп, болмаса тасып әкеліп пайдаландық. Айдаладағы ауыл болғасын мұнда ауыз су жүргілетінін үш ұйықтасақта көрмеппіз. Осы жылы ауылға ауызсу жүргізілетінін естіп, жұрт болып қуандық. Міне бүгін алғашқылардың бірі болып, шелегімді суға толтырдым. Су бергеннің сауабы, төккеннің жауабы бар дейді. Осындай істі қолға алған басшыларға алғысымызды білдіреміз, - дейді ауыл азаматы Өмірхан Отаров. Жалпы Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлының айтуынша, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша өңірде ауыз су мәселесі шешімін тауып келеді. Өңірдегі 42 елді мекеннің 34-де орталықтандырылған ауыз сумен (80,9%) немесе жалпы тұрғындардың 83,7% (73 778 адамы) ауыз сумен қамтылған. Биыл Құмсуат ауылы секілді шағын, тұрғындары аз Көлқайнар, Әуликөл, Сенгірбай ауылдарына жеке модулдік қондырғы арқылы ауызсу қолданысқа берілген екен. Ауданның алдағы уақытқа да жоспары да бар. Биыл 4 елді мекен ауыз сумен қамтылады.. Нәтижесінде, аудандағы ауыз сумен қамтылған елді мекен саны 38-ке жетіп, қамтылу деңгейі 90,4%-ға жетеді. Қамтуды қажет ететін қалған Жаңа өткел, Бектөбе-Қызылшарық, Жұма, Ерназар, Өрнек ауылдарына тиісті құжаттар әзірленуде. Алла сәтін салса ауыз суға қосылатын күнде алыс

Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ, Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы