Әлихан Смайылов Қазақстандағы машина жасау саласын дамытудың басым бағыттарын атап көрсетті
Әлихан Смайылов Қазақстандағы машина жасау саласын дамытудың басым бағыттарын атап көрсетті
Форумның пленарлық отырысына Президент Әкімшілігінің, орталық мемлекеттік органдар мен өңірлер әкімдіктерінің басшылары, ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатының депутаттары, шет мемлекеттердің өкілдері, кәсіпкерлер мен салалық сарапшылар қатысты. Сөз басында Әлихан Смайылов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзін оқыды.
Өз кезегінде Премьер-Министр бүгінде Қазақстан елді индустрияландыру, экономиканы әртараптандыру және импортқа тәуелділікті төмендету саясатын жалғастырып жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар машина жасау өнімдерінің Қазақстандағы ішкі сұранысы $23 млрд-ты құрайтынын, бүгінде оның $3,1 млрд-ы ғана отандық өндіріспен қамтылып отырғанын айтты. Сондықтан, импортты алмастырудың есебінен машина жасау өндірісін ары қарай дамытуға күш салу қажеттігін атап көрсетті.
Шара барысында отандық өндірісті технологиялық қайта жарақтандыру, кооперация байланыстарын нығайту, инновациялық шешімдерді енгізу, қаржыландырудың қолжетімділігін қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесті қолдау, жоғары білікті мамандарды даярлау сияқты саланы дамытудың басқа да кең ауқымды мәселелері талқыланды.