Жамбылда не жаңалық?

Қордай

Қордай

Өтеген батыр атындағы аудандық Мәдениет үйінде аудан орталығындағы мектептердің жоғары сынып оқушыларының қатысуымен «Күз аруы» байқауы өтті. Оған қатысқан сегіз үміткердің ішінен Қонаев атындағы мектеп-гимназияның оқушысы Карина Фралова бас жүлдені, «Береке» гуманитарлық-техникалық колледжінің білімгері Әйгерім Қалқажан бірінші орынды иеленді. Байқауға қатысқан барлық бойжеткендер бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды.