Әлеумет

«Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай...»

«Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай...»

Мен такси жүргізіп, табыс тауып жүрген келіншекпін. Кейде көлігіме мінген кісілерден тәлім-тәрбие аламын, ой түйемін.

Жуырда жасы келген, жүріп тұруы қиын бір әжейді өрімдей жас келіні шығарып салды. Көлік биік болған соң қарт кісінің отыруы қиын болды.

Сырт киімін шешіп:

– Әже, ыңғайланып отырып алыңыз, – деп асты-үстіне түсіп жатыр. Түйіншегін түрлі сыйлыққа толтырып жібергені көрініп тұр.

– Әже қалайсыз? Жақсы отырсыз ба? – деп жас келін жол бойы екі рет телефон соқты.

– Шүкірім, немере келінім ғой, – дейді әжей телефонды көтерген сайын елжіреп.

Белгіленген жерге келгенде жасы егделеу, жүзі жылы тағы бір келіні күтіп алды. Келін қарымды екен, әжейді көліктен көтеріп түсірді.

– Қалайсыз апа, жақсы демалып қайттыңыз ба? Шаршаған жоқсыз ба? – деп бәйек болды.

«Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай...» деген ән еріксіз ойыма орала берді.

Күләйна ОРАЗБЕКҚЫЗЫ,

көлік жүргізушісі.