- Advertisement -

ҚАЖ қызметкерлеріне марапат табысталды

111

- Advertisement -

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты шара өтті. Әнұранның шырқалуымен бастау алған мерекені департамент бастығы әділет полковнигі Нияз Рыспаев құттықтау сөзбен ашты.

Бұдан кейін, бірқатар қызметкерлер мен сала ардагерлері арнайы марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, ҚАЖ Комитетінің Құрмет Грамотасы аға буын өкілдері Медеу Есмұратов пен Қарлығаш Ниязбековаға, ҚАЖ Комитетінің Алғыс хаты Ақселеу Есенгелдиевке табыс етілді.

Сондай-ақ, өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесі бастығының орынбасары Бахтияр Оңбаев ҚР Полициясының 30 жылдығы медальімен марапатталды. Ал, департамент қызметкері Роман Бобровқа мерзімінен бұрын «әділет подполковнигі» шені табысталды.

Салтанатты жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support