Зейнеп Ахметова жас сарбаздармен кездесті
Зейнеп Ахметова жас сарбаздармен кездесті
- Жалпы, ел тыныш болса береке мен бірлік орнайды. Ал, бейбіт елдің экономикасы өркендейді. Сол себепті, кез келген ел өз Қарулы Күштерінің қуатты болғанын қалайды. Бүгінде тәуелсіздік күзетінде тұрған Қарулы Күштеріміздің айбары артып, қуатты күшке айналды. Олардың қатарында біздің өңірдегі 12 бригадасында бір мыңға жуық әскери қызметкерлер бар. Сарбаздарымыз ел тыныштығын кірпік қақпай күзетуде. «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды», - деген қаһарман Бауыржан Момышұлының рухты сөзін өмірлік ұстанымына айналдырған сарбаздар қашанда ел мақтанышы болып қала береді. Еліміздің бейбітшілігі мен жарқын болашағы үшін атқарып жатқан игі істеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін. Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын, - деген Еркін Үйсімбаев облыс әкімі атынан Зейнеп Ахметоваға камзол кигізіп, иығына ақ орамал жапты. Бұдан кейін, мінберге көтерілген Дүкенбай Сайлаубекұлы, Қасымхан Естемесұлы, Ғайни Әлімбекқызы мен Бақытжан Советұлы жас сарбаздарға әрбір азамат өз елінің патриоты болуы керектігін баса айтты. Аға буын өкілдері Отанды қорғау қасиетті парыз екеніне тоқталып, кешегі қан майданда етігімен су кешкен бабалардың ерлік ісін жалғастыру бүгінгі жастардың міндеті болып табылатынын жеткізді. Ал, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова қайын атасының бейбіт кезеңдегі өмірі туралы әңгімелеп берді. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, әскерилер партиоттың ән-жырдан шашу шашты. Айта кетейік, бүгінде 12 бригаданың құрамы 300 жас сарбаздармен толығып отыр. Қазіргі таңда тиісті оқу-жаттығудан өтіп жатқан олар алдағы уақытта ресми түрде ант қабылдайтын болады.