- Advertisement -

Жыр алыбына құрмет

70

- Advertisement -

Тарихтың әр парағы құнды. Өткен ғасырлардағы рухани қазыналар – байлығымыз. Сол қазыналардың ішінде жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың мұралары бөлек. Облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығының ұйымдастыруымен облыстық Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының қолдауымен Жамбыл Жабаевтың еңбектерін насихаттауға арналған «Ерлік – елге мұра» атты дөңгелек үстел өтті.

 

Жиында алып ақынның Саурық, Сұраншы, Өтеген батырлардың ерліктерін жырлаудағы ұрпаққа берер рухани тәлім, тағылымы сөз болды.

Әуелі аталған орталықтың «Жамбылтану» бөлімінің меңгерушісі Көсемәлі Сәттібайұлы іс-шараны ашып, маңызына тоқталып, қонақтарды таныстырып өтті. «Жамбылтану» бөлімінің мәдени жұмыстарын ұйымдастырушысы Гүлгаухар Құрманәліқызы баяндама жасады.

Сонымен қатар, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Филология және журналистика» кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Сәмен Құлбарақ жыр алыбының болмысы жайлы толғанса, аталған университеттің доценті, тіл ғылымын зерттеп жүрген ғалым Зиба Құламанова, аға оқытушы Бақыт Мырзабеков Саурық, Сұраншы дастандарының жазылу шеберлігіне, жас ұрпаққа берер тәрбиелік мәніне тоқталды. Іс-шарада айтыскер ақын Ербол Қамбатыров, Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының «Шерхантану» бөлімінің меңгерушісі Назым Қожамаровалар Жамбыл Жабаевтың мұраларын құрметтеу барысында бүгінгі таңда атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының оқушылары Жанель Шаймахан, Қымбат Болтай, Әмина Амангелді Жамбылдың жырларын жатқа оқыды. Бұл жиын Жамбыл мұралары халық арасында соншалықты құнды екенін көрсетті.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support