Ардагерлер арасындағы аламан
Ардагерлер арасындағы аламан
– Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан спортты дамытуға үлкен мән берілуде. Өйткені, спорт – адамға денсаулық, мемлекетке – абырой алып келеді. Өздеріңізге белгілі, облысымыздан Олимпиаданың, әлемнің және Азияның чемпиондары шығып, нәтижесінде еліміздің көк Туы желбіреп, Әнұранымыз сан мәрте шырқалды. Біз спортты дамыту мақсатында әрі материалдық базаны жаңғырту бағытында жүйелі жұмыс істеп жатырмыз. Мәселен, биылдың өзінде 18 елді мекенде спорт нысандары бой көтерді. Бұдан бөлек, 38 ауылда заманауи спорт алаңшалары ел игілігіне берілді. Тұрғындардың 39 пайызы бұқаралық спортпен айналысса, 2025 жылға дейін бұл көрсеткіш 50 пайызға жетеді деп жоспарлануда. Жергілікті атқарушы органдар спорт нысандарының санын көбейтуді күн тәртібінен түсірген емес. Мұның бәрі балаларымыз бен жастарымыздың спортпен айналысуына берілген мол мүмкіндік. Әрине, ардагерлердің кейінгі буынға үлгі болып спортты серік етіп жүргені қуанарлық жағдай. Алдыңғы буын өкілдері өңірімізде жемісті жүзеге асып жатқан «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясындағы жұмыстарда да белсенділік танытуда. Ол үшін алғысымызды білдіреміз. Ал, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін, – деді Нұржан Молдиярұлы. Бұдан кейін сөз алған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев өңір басшысына ризашылығын білдіріп, спортшы ардагерлер алдағы уақытта ел мерейін асыратын чемпиондар тәрбиелеу ісінде белсенділік танытатынын жеткізді.
Есен ӨТЕУЛІ