Мемлекет басшысы Халықаралық футбол федерациясының президенті Джанни Инфантиноны қабылдады
Мемлекет басшысы Халықаралық футбол федерациясының президенті Джанни Инфантиноны қабылдады
Кездесу барысында Қазақстан футболының әлеуетін арттыру, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Джанни Инфантиноны ФИФА президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, бүкіл әлемде, сондай-ақ елімізде футболдың дамуына қосқан өлшеусіз үлесі үшін алғыс айтты. Мемлекет басшысы ФИФА-мен арадағы ынтымақтастықты кеңейту перспективасына жоғары баға берді.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда 1 миллионнан астам адам футболмен жүйелі түрде шұғылданады. Бүгінде еліміздің барлық аймағында 17 футбол орталығы және 2 академия жұмыс істейді. Онда 7 мыңнан астам бала жаттығады. Джанни Инфантино ФИФА-ның үздік халықаралық тәжірибесін бөлісуге және Қазақстандағы футболдың дамуына атсалысуға дайын екенін айтты.
Akorda.kz