Жаңалықтар

Жылылық мейрамы

Жылылық мейрамы

Шуақ көремін, ізгілік көрем мамырдан, Шаттық көрем ару қыздардан, сан ұлдан. Осы бір шақтың қызығы мәңгі бітпесін, Жақсылық болып маңайымыздан табылған. Мамыр дегенің – ынтымақ, бірлік, ірілік, Достығың тұрсын бір-бірлеріңе білініп. Нұрлы күндердің бастамасы осы сәт, Мамыр дегенің – біле-білгенге жылылық! Мамырдан көрем сәттердің бәрін қолайлы, Жолықтырамын шат күлген апай, ағайды. Білген жандарға шаттық пен күлкі, думан күн, Мамыр келгенде мамырлап тегіс тарайды. Жас жігіттер мамырда қолға күл алсын, Аналар, қыздар ұсынған гүлді құп алсын. Ынтымақ күні татулық жайлап әлемді, Адамның бәрі шат-шадыман боп қуансын!  

Есет ДОСАЛЫ