- Advertisement -

Мерекелік шашу

981

- Advertisement -

Күлімдеп күнім,  жайқалып гүлім,

Нұрланды оңым, солым да.

Шаттанар  күн бұл — бар халық бүгін,

Ақ тілек тұрған  ойында.

 

Хош келдің, Мамыр!

Мейірімді маусым,

Мамыражай жұрттың  мейрамы.

Жеткізсін  аппақ  пейілімді  дауысым,

Планеталарға  жайдары.

 

Хош келдің, Мамыр! 

Көрікті  айым,

Бірліктің  берік  белгісі.

Ынтымақ,  ырыс  беріп  Құдайым,

Көркейген  көптің  мәнді  ісі.

 

Хош келдің, Мамыр!

Көркем көктемім,

Достықтың  тойы,  думаны.

Өрісім кеңіп,  өркендеп  төрім,

Өрлеген  көңіл тулады.

 

Хош келдің, Мамыр!

Аялдай  тұршы,

Айналам  тегіс қуансын.

Сарыуайым  сорды  сояудай бүрші,

Ақжолтай, бәлкім, шығарсың.

 

Армысың, мамыр!

Арайлым, дер ем,

Мерекелердің  сұлуы!

Жымиған  жүзбен  тарайды  сенен,

Жаһанның  мәңгі  жылуы!

ХОШ  КЕЛДІҢ, МАМЫРЫМ!

 

Үміт БИТЕНОВА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support