Әлеумет

Облыс әкімі «Жуалы-2023» тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанатына қатысты

Облыс әкімі «Жуалы-2023» тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанатына қатысты

Облыстың аумақтық қорғанысын дайындау мақсатында үстіміздегі жылдың 22-29 сәуір аралығында Жуалы ауданының аумақтық қорғаныс бөлімшелеріне тіркелген әскери міндеттілермен (барлығы 100 адам), тексеру жиыны өтті.

«Қуатты  Армия» - Жаңа Қазақстан. «Жуалы-2023» тактикалық оқу – жаттығуының жабылу шарасына Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов, «Оңтүстік» өңірлік  қолбасшылығы әскерінің қолбасшысы  Мереке Көшекбаев қатысты. Айта кетейік, тексеру жиыны барысында, әскери міндеттілер бір апта көлемінде, әскери дайындық сабақтарынан өтіп, бүгінгі күні арнайы тактикалық оқу жаттығуда аумақтық қорғаныс бөлімшелеріне тапсырылған нысандарды күзету және қорғау, қарсыластың диверсиялық-барлау топтарымен күресті ұйымдастыру бойынша дайындықтарын жетілдіріп, тәжірибе алмасты. Аймақ басшысы алдымен 91768 әскери бөлімінің «Теріс-Ащыбұлақ» полигонында әскери қару-жарақтардың және жас сарбаздар мен әскери міндеттілердің дайындығымен танысты. Сондай-ақ, «Жуалы-2023» тексеру жиынының әскери міндеттілермен өткізілген арнайы тактикалық оқу-жаттығуларын көрді.

Өз кезегінде «Оңтүстік» өңірлік  қолбасшылығы  әскерінің қолбасшысы Мереке Көшекбаев та оқу-жаттығудың сәтті өткенімен құттықтады. Сондай-ақ, тексеру жиынына атсалысқан бірқатар азаматар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Нұржан Нұржігітов полигонның байланыс торабы, жатын орны, медициналық пункті мен асханасының жай-күйімен танысты.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі