- Advertisement -

Балуан Шолақ көтерген тас

259

- Advertisement -

1913 жылы Балуан Шолақ ата- бабасының мекені – Далақайнар ауылынан Алматыға қарай кетіп бара жатып, жолдан Тесік өзенінің бойында отырған Кәрібай деген ұстаның үйіне тоқтайды.

Әлгі ұстаға атына таға соқтырып, басқа да әшекей бұйымдарды жасатамын деген ниетпен үйінде аялдап қалады.

Ол кезде Кәрібай ұста малына қора соғып жатқан кезі екен. Балуан Шолақ ол кісінің жасаған заттарына риза болады. «Менен сенің соғып жатқан қораңа көмегім болсын» деп, қорадан 50- 60 қадамдай жерде, жартылай топыраққа көміліп жатқан тасты шығарып алады да, көтерген бойы әлгі қораның бір жағына қалап кетеді. Тастың таза салмағы 1070 килограмм екен. 2010 жылы ауданның 80 жылдығын тойлағанда музей алдында тұрған осы тас Балуан Шолақ ескерткішінің алдына қойылды.

Балуан бабамыз көтерген тастың қысқаша тарихы осындай. Аудан аумағында және сырттан келген қонақтар арасында да бұл тасты тамашалап, қызыға қарайтындар көп.

 

Ләйлә МАМЕТАЕВА,

аудандық тарихи-өлкетану музейінің кіші қызметкері.

Шу ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support