Нұржан Нұржігітов азаматтарды қабылдады
Нұржан Нұржігітов азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға келген азаматтар бірқатар мәселелерді көтеріп, өтініштерін жеткізді. Атап айтқанда, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, тұрғын үй кезегі, көпқабатты тұрғын үйдегі жылу, медициналық көмекке қатысты сауалдарын жеткізді. Сондай-ақ, мектеп және балабақшаларға ақпараттық жүйені енгізу бойынша ұсыныс айтылды. Облыс әкімі азаматтардың мәселесіне жіті көңіл бөліп, заң аясында қарастырылатынын атап өтті. Бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі