Нұржан Нұржігітов онкологиялық және хирургиялық Орталықтың құрылысын кешіктірген мердігерлерді сынға алды
Нұржан Нұржігітов онкологиялық және хирургиялық Орталықтың құрылысын кешіктірген мердігерлерді сынға алды
Қазіргі таңда бас мердігер «Тур-Ахмет и Компания» ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтап, технологиялық жабдықтарды іске қосу шараларын жүргізуде. Орталық КТ, магнитті-резонанстық томография, цифрлық маммография, рентген аппараты, эндоскопиялық құрал, ультрадыбыстық аппарат секілді заманауи жабдықтармен қамтылуда. Орнатылған желілік үдеткіштің көмегімен онкологиялық науқастар үшін сәулелік терапияның жоғары тиімді әдістері енгізілетін болады. Сондай-ақ, кеуде және жалпы хирургия, радиология, сәулелік гимнастика, гематология, гинекология, химиотерапия, реанимация және тағы да басқа бөлімдері бар. Облыс әкімі емдеу кабинеттерін аралап, медициналық құрал-жабдықтарды көріп, дәрігерлермен әңгімелесті.
Аймақ басшысы аурухана базасында мердігер ұйым өкілдерімен кеңес өткізді. Нұржан Нұржігітов мердігерлерді құрылыс жұмыстарының мерзімін сақтамағанын сынға алып, бұзушылықтарды жою және медициналық құрал-жабдықтарды орнатуға қатысты мәселелерді жедел шешуге қатысты міндеттер жүктеді.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі