Тиісті жұмыстар жүргізілуде
Тиісті жұмыстар жүргізілуде
Өткен жылдың 27 шілдесінде облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Жуалы ауданына жұмыс сапарымен келіп, Теріс ауылындағы тозығы жеткен ескі мәдениет нысанының қазіргі ахуалымен танысып, оның орнына жаңа мәдениет үйінің құрылысын салу мәселесін қарады. Облыс әкімі тарапынан халықтың талап-тілегін орындау мақсатында соңғы 30 жыл көлемінде аталған ауылда әлеуметтік нысан құрылысының жүргізілмеуіне байланысты Теріс ауылдық мәдениет үйінің құрылысына жобалық-сметалық құжат әзірлеуге тапсырма берілді. Бүгінгі күні Теріс ауылындағы 149 орындық мәдениет үйі ғимаратының құрылысын салу бойынша Жуалы ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, кешенді сараптама қарауына ұсынылды. Сараптама қорытындысы ағымдағы жылдың сәуір айында дайын болады. Алдағы кезеңде, жобалық-сметалық құжаттаманың ведомствоаралық кешенді сараптамасының оң қорытындысына байланысты, құрылыс жұмыстарын 2024 жылға іске асыру үшін облыс әкімдігінің тиісті басқармасына бюджеттік өтінім беріледі.
Ғазиза ЕСТАЕВА,
аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.
Жуалы ауданы