Әлеумет

Нұржан Нұржігітов: Біз әлеуетті инвестициялық жобаларды әзірлеп, инвесторларға ұсынуға дайынбыз

Нұржан Нұржігітов: Біз әлеуетті инвестициялық жобаларды әзірлеп, инвесторларға ұсынуға дайынбыз

Жамбыл облысында алғаш рет өтіп жатқан «Zhambyl Economic and Investment Forum – 2023» халықаралық экономикалық және инвестициялық форумының пленарлық отырыстары басталды.

Жиынның ашылуында сөз алған Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов форумның аймақ үшін маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ауқымды шара ең алдымен, өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері мен өзара тиімді ынтымақтастықты, бизнес бастамаларды іске асыруға әзірлікті көрсетуге бағытталғанын жеткізді. Жамбыл облысы жоғары экономикалық және зияткерлік әлеует шоғырланған, қарқынды дамып келе жатқан өңір екенін айтқан аймақ басшысы өңірдің бес басты бәсекелестік артықшылығына тоқталып өтті.

Сондай-ақ, облыс әкімі өз сөзінде жергілікті билік тарапынан қажетті инвестициялық жағдайлар жүйелі жасалып келе жатқанын жеткізді. Атап айтқанда, өңірде бизнес жүргізу үшін қолайлы орта құрылып, мемлекеттік деңгейде қолдау, инвесторларды «бір терезе» қағидаты бойынша сүйемелдеу жүргізілуде. Жамбыл облысы Германия, Түркия, Сингапур, Қытай, Үндістан, Франция, Оңтүстік Корея, Жапония сияқты ірі трансұлттық компаниялармен ұзақ мерзімді әріптестік ынтымақтастықтың бірегей тәжірибесіне ие.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі