Әлеумет

Туристер Тараздың тарихи-мәдени орындарын аралады

Туристер Тараздың тарихи-мәдени орындарын аралады

Халықаралық «ZHEIF-2023» форумы аясында облысымызға келген қонақтарға өңірдегі тарихи орындар таныстырылды. Алдымен «Тараз — шеберлер қаласы»  атты көрмеге барған келушілер жамбылдық қолөнершілердің қолынан шыққан бұйымдарды тамашалады. Түрлі түстерді үйлестірген құрақ көрпелер мен көргенді тамсандыратын әшекей бұйымдар, ұлттық тұрмыстық құрал-жабдықтарға сүйсінген кей туристер ұнатқан дүниелерін сатып алып жатты.

Еліміздің өзге де облыстарынан келген меймандар Ақыртас кешеніне барып, ондағы тарихи деректермен қанықты. Ақыртасты зерттеген ғалымдардың дәлелдеген мәліметтерін сол нысандағы жәдігерлерді көрсете отырып баяндаған «АРК ғылыми ұйымы» ЖШС директоры Ескендірбек Төрбеков бұл  аяқталмаған құрылыс екеніне атап өтті.

Облысқа келген қонақтардың бірі түркістандық «Sultan TRAVEL TURKISTAN»  туристік компаниясының бас менеджері Акида Еркінбаева Таразға алғаш рет келіпті.

Ақпараттық тур «Айша бибі»,  «Тектұрмас»,  «Қарахан»  тарихи-мәдени орындары мен «Көне Тараз»  археологиялық  паркінде жалғасты.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі