Артық білім кітапта...
Артық білім кітапта...
Кітапханалық бульвар шымылдығы әдеби- шығармашылық концертпен ашылып, Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романынан үзінді оқылып, Шерхан Мұртазаның шығармасының ең үздік кейіпкері сомдалды. Ал, аймақтың өнер шығармашылық орталықтарының өнерпаздары музыкалық өнерлерін оқырманға паш етіп, қала тұрғындары мен қонақтарға спорттық дойбы, шахмат және тоғыз құмалақ сияқты ойындар ойнатылды. Сондай-ақ, «Библиокафе» мәзірінде танымал шығармалар мен туындылардан ас әзірленіп, «Шатырлы» қалашығының жастары жергілікті ақындардың жыр-шумақтарын орындады. Этноауылдың әжелері салт-дәстүрді жаңғыртып, ертегі оқып психологиялық қолдаумен өзін-өзі тану тренингтері ұсынылды. Сонымен қатар, 3D форматында кітап инсталяция көрмесін ұсынып, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мағжан Жұмабаев, Шерхан Мұртаза, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармашылығы мен түрлі тақырыптарды қамтыған кітап көрмелері ұсынылды. Шараға «Болашақ» мектеп-интернаты, зағип оқырмандар және жоғары арнаулы орта оқу орындарының студенттері, волонтерлар, үкіметтік емес жастар ұйымдарының өкілдері, облыс тұрғындары белсене қатысып, жақсы әсерлерімен бөлісіп, кітапхана ұжымына алғыс білдірді.
Гүлзада ҚЫРЫҚБАЕВА,
облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының әдіскері