- Advertisement -

625 жұмыс орны ашылды

51

- Advertisement -

Облысымызда бірыңғай индустрияландыру картасындағы өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың жүзеге асырылуы бойынша құрылған жоспарлар талапқа сай жүзеге асырылуда. Бұл жобалар Жамбыл облысының даму жоспарының негізгі бағыттарына айналып отыр. Ондағы мақсат – әрбір елді мекен бөлінісінде жұмыспен қамтуды көздейтін бюджеттік және бюджеттен тыс бірыңғай индустрияландыру картасындағы өнеркәсіптік-инновациялық, инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыра отырып, ауыл халқының табысын арттыру, тұрмыс жағдайын жақсарту. Жоба негізінен халықтың әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешуді көздейді.

Облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың айтуынша, жалпы облысымызда өнеркәсіптік- инновациялық жобалардың бірыңғай индустрияландыру карт асы бойынша жа лпы құны 1691,6 миллиард теңгені құрайтын 38 өнеркәсіптік- инновациялық жоба жүзеге асырылуда. Жобаларды іске асыру барысында құрылыс жұмыстарына 2691, ал зауыттардың іске қо сылу кезінде 4303 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.

Өткен жылы облыста сегіз жоба қолға алынған. Оның жалпы құны 56,7 миллиард теңгені құрайды. Осы жобалар аясында 625 жаңа жұмыс орны ашылған. Атап айтсақ, соның бірі – «Қаратау Про» ЖШС. Майда ұнтақталған мәрмәр толықтырғыш өндіретін зауыт Талас ауданында жүзеге асырылған. Оның жылдық өндірістік қуаты 127 мың тонна. Жобаның жалпы құны – 1081 миллион теңге. Жаңа зауыт 25 жаңа жұмыс орнын ашып, жұмыссыздарды жұмыспен қамтып отыр.

Екінші жоба Тараз қаласында жүзеге асырылды. Ол – «Alina Group» жауапкершілігі шектеулі с ерікте стігі. С ерікте стік өндірістік алаңын кеңейту және жаңғырту құрылыс жұмыстарын жүргізген. Жобаның жылдық қуаттылығы – ПГП 107,7 мың м2, штукатурка және клей 147, 8 мың тонна, гипс 31,7 мың тоннаны құрайды. Кеңейту жұмыстарынан кейін зауытта 50 жаңа жұмыс орны ашылған.

Үшінші жоба Мойынқұм ауданында жүзеге асқан болатын. «Turan Industry» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі табиғи тастан плиталарды, қаптауға арналған тақтайшаларды өндіру бойынша зауыт салды. Жобаның құны – 500 миллион теңге. Ал зауыттың жылдық қуаттылығы 130 мың шаршыметр тас плита шығару. Жаңа ашылған зауытта 28 адам жұмыс істеуде.

Төртінші жоба Жамбыл ауданында жүзеге асырылған «Ерсад – 2021» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Серіктестік – «S (спанбонд) , SS, SMS, MB (мельтблау) типтегі тоқыма емес маталар өндіру қойма-цехының құрылысы» жобасын іске асырып отыр. Жобаның құны – 1652 миллион теңгені құрайды. Жобаның жылдық қуаттылығы – 4,2 мың тонна. Онда 40 жаңа жұмыс орны ашылған.

Бесінші жоба Қордай ауданында жүзеге асырылған «Қордай Корм» ӘКК. Зауыт «Өндірісті кеңейту, құрама жем өндіретін жаңа қондырғы енгізу жобасы» аясында несие алып, зауытты қайта жаңғыртудан өткізген. Жобаның құны – 40,7 миллион теңге. Оның жылдық қуаттылығы – 100 тоннаны құрайды. 12 жаңа жұмыс орны ашылған.

Алтыншы жоба «Япоша» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырған «Кептірілген нан өңдеу жобасы». Ол жобаның құны – 120 миллион теңге. Жылдық қуаттылығы 1000 тонна. 15 адам жұмыс істеуде. Бұл жоба Жуалы ауданында жүзеге асырылып отыр.

Жетінші жоба Т.Рысқұлов ауданында жүзеге асырылған «Eco-Chiken» АӨК. Кіші құс фабрикасын салған кооперативтің жобалық құны 440 миллион теңге. Жылдық қуаттылығы 1030 тоннаны құрайды. Бұл жоба Т.Рысқұлов ауданымен қатар, Меркі мен Қордай аудандарында да жұмыс істеп тұр.

Соңғысы, яғни, сегізіншісі Тараз қаласындағы «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеул і серіктестігіндегі «Минералды тыңайтқыштардың өндірісін 1 миллион тоннаға дейін жеткізу жобасы». Жоба құны – 45600 миллион теңгені құрайды. Бүгінгі таңда 400 жаңа жұмыс орны ашылған.

Бұл жобалардың игілігін ел көруде.

Ал биыл қандай жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда? Облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың айтуынша, 2023 жылы жалпы құны 26,9 миллиард теңгені құрайтын 4 жобаны іске асыру көзделіп, 183 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Олар қандай жоба лар? Жеке тоқт а лар болсақ, біріншісі «АлельАгро» АҚ-ның құс еті зауытын салу жобасы. Оның жалпы жобалық құны – 25600 миллион теңге. Жылдық қуаттылығы 135 мың тонна. Жоба бойынша 100 жаңа жұмыс орны ашылуы тиіс. Жоба Байзақ ауданында жүзеге асырылмақ.

Екіншісі «Мол Даму» ӘКК – «Сүт және сүт өнімдерін қайта өндеу цехын салу» жобасы. Жобалық құны – 300 миллион теңге. Жылдық қуаттылығы – 7 мың тонна. Жүзеге асырылатын орны–Жуалы ауданы, құрылатын жұмыс орны – 20.

Үшінші жоба «Бахор» ЖК – «Сүт фермасы мен сүтті қайта өңдеу цехының құрылысы» жобасы. Жобаның құны – 500 миллион теңге. Жылдық қуаттылығы – 3600 тонна. Жүзеге асырылатын орны – Меркі ауданы.

Соңғы, төртінші – «Satellie GS» ЖШС «Мыңарал кен орнының құрамында алтын бар кенді өндіру және байыту бойынша зауыт құрылысы» жобасы. Жобаның құны – 500 миллион теңге. Жылдық қуаттылығы – 30 мың тонна. Жүзеге асырылатын орны – Мойынқұм ауданы.

– Алдағы үш жылда 26 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Атап айтсақ, 2024 жылы жалпы құны 34,4 миллиард теңгені құрайтын 4 өнеркәсіптік-инновациялық жоба іске асырылады, 393 жаңа жұмыс орны құрылады деп көзделуде. Ал 2025 жылы жалпы құны 354,2 миллиард теңгені құрайтын 18 жоба іске асырылып, 1902 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. 2026 жылы жалпы құны 1219,4 миллиард теңгені құрайтын 4 жоба іске асырылып, 1200 жаңа жұмыс орны құрылмақ. Жүзеге асырылатын барлық өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың іске асырылуы басқарманың тұрақты бақылауында, – дейді Аспандияр Сейсебаев.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support