- Advertisement -

Геопорталдың тиімділігі

40

- Advertisement -

Қазіргі таңда орталық мемлекеттік органдардың бағалауына сәйкес, Өңірлік геоақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – Геопортал) дайындығы 100 пайызды құрайды. Онда e-jambyl.kz домендік атаумен платформа қалыптастырылып, жергілікті атқарушы органдардың геопорталдарына қойылатын бірыңғай талаптарға сай барлық базалық ГИС-қабаттар енгізілді, яғни тұрғындар үшін геопорталдың ашық картасына 160 және қызмет бабында пайдалану үшін геопорталдың электрондық кезекші картасына 367 картографиялық деректер әзірленді.

Бүгінгі таңда сәулет және қала құрылысы саласына қатысты 6, мемлекеттік қызмет және жер қатынастары саласы бойынша 8 мемлекеттік қызмет, жалпы 14 мемлекеттік қызмет автоматтандырылып, енгізілді. Сонымен қатар, Жамбыл облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы тарапынан 2022 жылы Геопорталға деректерді енгізу және мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік мекемелердің жауапты қызметкерлеріне оқыту жүргізіліп, тізімі бекітілген. Ауылдық окургтерде және Тараз қаласында орналасқан цифрлық ақпараттық орталықтарына Геопортал енгізу бойынша орталық қызметкерлеріне оқыту семинары ұйымдастырылып, жүргізілді. Геопорталға деректерді енгізу және өзектендіру жұмыстары тұрақты деңгейде жүргізіліп, апта сайынғы есеп облыс әкіміне ұсынылады.

Геопортал қолданушылары сайлау учаскесін ЖСН арқылы анықтаудың онлайн- сервисін іске асырды. Сайлаушы тізімде анықталмаған жағдайда Жамбыл облысының бірыңғай коммуналдық диспетчерлік қызметі (Jambyl109), Тараз қаласы және аудан әкімдіктерінің call-орталықтарына хабарласа алады. Ақпарат Геопорталда орналастырылған.

Жамбыл облысының жастарына жеңілдікпен несие беруге арналған «Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) арналған модуль техникалық қолдау шеңберінде әзірленіп, биыл 20-30 шілде аралығында бірінші кезеңі іске асырылды. Бағдарламаға қатысу мақсатында халық өтінімдерді Геопортал арқылы жіберілген.

Жастарға берілетін қарыздың ең жоғары сомасы – 13 миллион теңге. Пайыздық мөлшерлеме – 5, бастапқы жарна – 5-50 пайыз. Несие беру мерзімі 19 жылға дейін. Бағдарламаға барлығы 591 өтінім түсіп, 49 өтінім қайтарылып алынған. 542 өтінім қаралып, бағдарламаға қатысушылардың өтінімдерін қарау және бағалау жөніндегі комиссияның шешіміне сәйкес, іріктеуден өткен 35 қатысушыға «Отбасы Банк» АҚ- на жолдама берілді. Бағдарламаның екінші кезеңі 17-23 қазан аралығында қайта іске асырылып, 97 өтінім беріліп, 21 өтінім қайтарылып алынған. Қатысушылардың 76 өтінімін қарау және бағалау жөніндегі комиссияның шешіміне 76 өтініш жіберілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №727 қаулысына сәйкес, «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасының 66 тармағы 4 іс- шара: ТМС халыққа және бизнеске ұсынатын цифрлық қызметтерді енгізу, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» модулін енгізу арқылы Геопортал алаңында іске асыру мүмкіндігі қарастырылуда. Жобаны іске асырудың бірінші кезеңінде, яғни 2022 жылы Тараз қаласы бойынша 13 қызметті автоматтандыру жоспарлануда. Жоғарыда көрсетілген жобаны іске асыру мақсатында облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына қаражат бөлуді қарауға бюджеттік өтінім ұсынылды.

Геопорталдың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтардан өту үшін «Мемлекеттік техникалық қызмет» акционерлік қоғамымен келісімшарт жасалды. Сынақтардан сәтті өткеннен кейін өнеркәсіптік пайдалануға енгізіліп, ақпараттық жүйелермен және мемлекеттік деректер қоры мен интеграциялау жоспарлануда.

 

Ақайби ӘБДІРАЗАҚ,

облыс әкімдігі цифрлық технологиялар басқармасының бас маманы.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support