Жамбылда не жаңалық?

Байзақ

Байзақ

«Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» аудандық бөлімшесінде қазақ тілін үйренуге құлшыныс білдіріп жүрген тыңдаушылар арасында «Үздік тыңдаушысы-2014» байқауы болып өтті. Байқауға қатысушылар «Таныстыру», «Тіл білген – байлық», «Эссе», «Өлең – сөздің патшасы...», «Әнді сүйсең менше сүй...», «Өнерлінің өрісі кең» деп аталатын кезеңдерден сынға түсті. Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды А. Борзенкова, екінші орынды Н. Зальцман, үшінші орынды Н. Лоза иеленді. Облыстық байқауға жолдама алған А. Борзенкова онда да топ жарып, бірінші орынды жеңіп алды.