- Advertisement -

Жолақы төлеудің электронды жүйесі жетілдірілді

33

- Advertisement -

Тараз қаласындағы қоғамдық көлік жүйесі электронды жүйеде екі-үш жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ең алдымен бұл жүйені жолаушы тасымалында енгізген – «Орталық диспетчерлік қызмет» ЖШС. Серіктестік қызметінің негізгі түрі жол жүруді есепке алу мен төлеудің автоматтандырылған жүйесін (АСУОП) және диспетчерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, GPS- мониторинг, Тараз қаласының маршруттарында жедел байланысты жүзеге асыру болып табылады.

«Орталық диспетчерлік қызмет» ЖШС бұл бағытта байланыс жүйелерін, бағдарламалық кешендерді әзірлеу, басқаруды автоматтандыру саласында жұмыс істейтін өз кредиттік қаражаты есебінен Тараз қаласында 2014 жылдан бастап қоғамдық көлікті спутниктік мониторингілеу және диспетчерлеу жүйесін енгізді.

Ол спутниктік мониторингтің осы диспетчерлік жүйесіне қосылған барлық автотасымалдаушылардың жұмысына, атап айтсақ, жылдамдық режимін, қозғалыс кестелерін, аялдамалар мен тұрақтарды, орындалған шеңберлер мен рейстердің санын, желіге шығу және саябаққа оралу уақытын бақылауды қамтамасыз етеді.

– Мониторинг жүйесін енгізумен автобустар, маршруттар, жалпы автобус паркі, сондай-ақ, толық қоғамдық көлік бөлімінде автоматтандырылған есеп беру жүйесі пайда болды. Қоғамдық көліктің жұмысы туралы есептілік пен ақпарат автоматтандырылған түрде кез келген белгіленген уақыт кезеңіне беріледі. GPS-навигация жабдығы қалада барлық 34 маршрутта 431 автобуста және облыстық маршруттарда 378 бірлік автокөлікте орнатылған.

Сондай-ақ, азаматтарға ыңғайлы болу үшін «TarazBus» мобильді қосымшасы әзірленіп, іске қосылған, онда онлайн режимде қала автобустарының қозғалысы көрсетіледі, – дейді облыс әкімдігі цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Руслан Ноқрабеков.

Жолақысын төлеудің электрондық жүйесі бүгінде өз тиімділігін көрсетіп отыр. «Орталық диспетчерлік қызмет» ЖШС 2020 жылғы 28 қыркүйекте Тараз қаласында қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеу мен есептеудің автоматтандырылған жүйесін (АСУОП) енгізді. «Орталық диспетчерлік қызмет» ЖШС өз қаражаты есебінен қаланың барлық автобустарын түсімді жинауды есепке алу аспаптарымен (стационарлық валидаторлармен және мобильді терминалдармен) жабдықтады.

Жолақысын төлеудің бірнеше жолы бар. QR немесе автобустың сандық коды, «TulparCard» көлік картасы немесе SMS-хабарлама және мобильді қосымша арқылы төленеді. Сонымен қатар, 17 ақпаннан бастап Tulparcard жолақысын төлеудің электронды жүйесі төлемнің жаңа түрін – Kaspi QR енгізді.

«TulparCard» АСУОП жабдығы Тараз қаласының қалалық маршруттарындағы барлық автобустарға орнатылған. Бұл 431 бірлік кондуктордың мобильді терминалдары және 420 бірлік стационарлық валидаторлар. Барлық автобустардың салондары QR-код және автобустың цифрлық коды жапсырмаларымен жабдықталған.

Бүгінгі таңда 269 499 көлік картасы шығарылды. Оның 211544-і бірыңғай карталар, 57 659-ы оқушылар картасы.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта жолаушыларға ыңғайлы болу мақсатында көлік картасын толық бақылауға мүмкіндік беретін «TulparCard» мобильді қосымшасы сәтті әзірленіп, жұмыс істеуде. Мұнда бір смартфонда бірнеше картаны байланыстыруға болады, мысалы, сіздің балаңыздың немесе отбасы мүшеңіздің «TulparCard» пайдаланушылары арасындағы теңгерімді аудару, тіркелген карталармен жасалған барлық транзакциялардың тарихын қарау, қашықтан бұғаттау және бұғаттан шығару, QR-код немесе автобустың цифрлық кодымен төлем жасауға және тағы басқасына «TulparCard» мобильді қосымшасы мүмкіндік береді. Қосымша PlayMarket және IOS (Iphone) платформаларында қолжетімді.

Бүгінгі таңда «TulparCard» қосымшасының Тараз қаласы бойынша 140 мыңнан астам белсенді қолданушысы бар.

«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 2022 жылдың 29 желтоқсанында енгізілген №174-VII өзгерістеріне байланысты, 2023 жылдың 1 наурызынан бастап 15-тен 18 жасқа дейінгі жастарға қоғамдық көлікте 50 пайыздық жеңілдікпен жүру және «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға тегін жол жүру құқығы беріліп отыр. Осыған байланысты Tulparcard жол ақысын төлеудің электрондық жүйесінде қоғамдық көлікте тегін жүруге мүмкіндік беретін көлік картасының жаңа түрі «Әлеуметтік көлік картасы» іске қосылуда.

 

Бекқазы ТУҒАНБАЕВ,

облыс әкімдігі цифрлық технологиялар басқармасы

жобалық басқару бөлімінің басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support