- Advertisement -

1250 бейнебақылау камерасы, 48 «Сергек» кешені орнатылған

84

- Advertisement -

«Қауіпсіз қала» жобасы бойынша облыс әкімдігі «Көркем Телеком» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлесіп қала аумағында 1250 бейнебақылау камерасын, сондай-ақ, «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің 48 бекетін орнатқан.

– Бүгінгі таңда Тараз қаласының аумағында 310 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, оның 100-і қоғамдық қауіпсіздік талдауы функциясымен қамтылған. Бұл талдау жүйесі құқықбұзушылықтарды анықтаудың алдын алу мақсатында бейнедеректермен жедел және сапалы жұмыс істеуге, сондай-ақ берілген түс параметрлеріне, объектінің өлшемдеріне және адамдардың биометриялық деректеріне сәйкес объектіні тануға, анықтауға, қадағалауға, сәйкестендіруге мүмкіндік береді, – дейді облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин.

Биыл 15 наурызда қосымша 300 бейнебақылау камерасын орнату орындарын айқындау бойынша бірқатар құзырлы органдары қызметтерінің және қалалық полиция бөлімдерінің өкілдерімен жұмыс кездесуі өткізілді. Қазіргі уақытта аумақты барынша қамтуды ескере отырып, жұмыс істеп тұрған ЖБО бейнебақылау камераларының орналасқан жеріне орнатылатын қосымша 300 бірлік стационарлық камераларды сатып алу және орнату бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.

«Қауіпсіз қала, жол қозғалысын талдау мен қауіпсіздіктің зияткерлік жүйесі» жобасы бойынша қала аумағында 1250 бейнебақылау камерасы және «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің 48 бекеті орнатылған.

Әкімшілік құқықбұзушылықтардың бірыңғай тізілімі жобасы бойынша облыстың жергілікті полиция қызметі басқармасы бөлімшелерінің күнделікті қызметінде 932 бірлік мобильді планшеттер мен термопринтерлер пайдаланылады.

Бүгінгі таңда жалпы сомасы 42 миллион 404 мың теңгеге 104 бірлік сатып алуға мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.

 

Руслан НОҚРАБЕКОВ,

облыс әкімдігі цифрлық технологиялар басқармасының басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support