- Advertisement -

Жеке кәсіпкерлікке жіті көңіл бөлінеді

43

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажеттігін, бұл – стратегиялық міндет екенін атап өтіп, саланы дамытудың негізгі бағыттарын айқындап берген болатын.

Биыл негізгі бағыттарды жүзеге асыру мақсатында өңірде ауыл шаруашылығында бәсекеге қабілетті өнім өндіру мен агроөнеркәсіп кешені жүйесін тиімді жүргізу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, былтыр аймақта 9 миллиард теңгені құрайтын 10 жоба іске асырылып, 183 жұмыс орны құрылған болатын. Биыл жол картасы аясында жалпы құны 11,3 миллиард теңгені құрайтын 11 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Жоба іске асырылған сәтте 255 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Іске асырылатын жобалардың негізгі бағыттары – сүт-тауарлы фермасы, көкөніс сақтау қоймасы, бордақылау алаңы, құс етін өндіру, балық шаруашылықтары. Бұл жобалар Жуалы, Меркі, Шу, Т.Рысқұлов, Байзақ, Қордай аудандарында және Тараз қаласында жүзеге асырылады. Атап айтсақ, Жуалы ауданында «Ахмет» ШҚ 400 басқа арналған сүт тауарлы фермасын, ал «Мол Даму» АШК сүтті қайта өңдеу цехын ашпақ ниетте. Меркі ауданында «Бахор» ШҚ балық шаруашылығын, «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС зауытты кеңейту және жаңартудың II кезеңін бастап кетті.

Шу ауданында «Элнур Адил Групп» ЖШС астық сақтау қоймасы және макарон өнімін өндіру, «KazAquaAlliance» ЖШС балық шаруашылығын, «Матышев» ЖК 20 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасын салуды жоспарлауда. Т.Рысқұлов ауданында «Шалқар» ШҚ 1500 бас мүйізді ірі қараға арналған бордақылау алаңын соқпақ. Байзақ ауданында «Әулие- Ата Феникс» ЖШС жылына 5000 тонна құс етін өндіруді қолға алмақ. Қордай ауданында «Азия Сад» ЖШС 5 600 тонналық көкөніс сақтау қоймасын, ал Тараз қаласында «Тараз» ОРЦ көкөніс сақтау қоймасының II кезеңін бастағалы жатыр.

Облыс экономикасының драйвері – ауыл шаруашылығы саласы. Бұл мақсаттағы жер көлемі 4,6 миллион гектардан асады. Өткен жылы ауыл шаруашылығында 590,2 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, ел аумағынан бөлек, Ресейдің қиыр шығысынан бастап, Европа одағына дейінгі елдерге экспортқа шығарылды. Аталған салада Түркия, Корея, Қытай мемлекеттерімен бірлескен жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Бұдан бөлек, мал басын көбейту, құс және балық шаруашылығын дамыту мүмкіндіктері зор. Сондай- ақ, жобалар үшін қажетті ауыл шаруашылығы техникасының 25 пайызын, шаруашылыққа қажетті жабдықтың 25 пайызын субсидиялау жолдары қарастырылған.

 

Нұрби ЖІГІТЕКОВ,

облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support