Жамбыл облысында жыл басынан бері 19 мыңға жуық жұмысшының жалақысы 18 пайызға өсті
Жамбыл облысында жыл басынан бері 19 мыңға жуық жұмысшының жалақысы 18 пайызға өсті
Басқосу барысында еңбек қатынастарын реттеу, жалақыны уақытылы төлеу, еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсарту, жұмысшылардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін сақтау мәселелері қаралды. Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Жарылқасын Айтақов әлеуметтік-еңбек жанжалдарының алдын алу және шешу бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады. Ағымдағы жыл басынан бері облыстағы 635 кәсіпорын 18 511 жұмыскердің жалақысын орта есеппен 18 пайызға өсірген. 6 кәсіпорында 394,1 млн.теңге көлемінде жалақы бойынша берешек анықталып, бүгінде ол жұмысшыларға толығымен төленді. Бұдан бөлек 290 қызметкердің еңбек құқығы қорғалған. Сондай-ақ, жиында Тараз қаласы мен аудан әкімдері, кәсіпорын өкілдерінің есептері тыңдалды.
Облыс әкімі аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жұмысын саралап, реформалауды тапсырды. Сонымен қатар, жауапты тұлғаларға еңбек жанжалдарының ошақтарын анықтау, олармен жан-жақты жұмыстар жүргізу, мәселелерді шешу бойынша жедел шаралар қабылдау жүктелді.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі