- Advertisement -

Инвесторлар күн панельдерін шығаратын зауыт салмақ

43

- Advertisement -

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «SK Water Solutions» ЖШС бас директоры Сергей Громовпен кездесті.

Кезедесуде тараптар энергетика секторындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Компания бірінші кезеңде облыста қуаттылығы 100 МВт-ты құрайтын күн электр станциясын салуды жоспарлап отыр. Әңгіме барысында жер бөлу жайына баса назар аударылды. Сондай-ақ компания түрік компаниясын тарта отырып, күн панельдерін шығаратын зауыт салуға ниетті.

Нұржан Нұржігітов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес өңірде баламалы энергетика саласын дамыту және инвестиция тарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жамбыл облысы жаңартылатын энергия қуатын өндіру бойынша республикада алдыңғы қатарда. Қазіргі уақытта өңірде жалпы қуаты 451,3 МВт-ты құрайтын жаңартылатын энергия көздерінің 21 нысаны орналасқан, оның ішінде жалпы қуаты 24,4 МВт болатын 6 су электр станциясы, жалпы қуаты 175,65 МВт болатын 9 жел электр станциясы және қуаттылығы 251,25 МВт болатын 6 күн электр станциясы бар. Олармен елдегі жаңартылатын электр энергиясының 20 пайызы өндіріледі.

Аймақ басшысы инвесторларға мемлекеттік бағдарламалар аясында жергілікті атқарушы органдар тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары басқармаларына орталық атқарушы органдармен тығыз байланыста жұмыс істеп, түйткілді мәселелерді жедел шешу міндеті тапсырылды.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support