Шын жүйрікке тұсау жоқ

Шын жүйрікке тұсау жоқ
Боз кілемде оннан астам балуан абсолюттік салмақ дәрежесі бойынша шын мықтыны анықтады. Күрес шапанын киіп шыққан балуандардың барлығы да аянып қалған жоқ. Дегенмен, шын жүйрікке тұсау жоқ. «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің қола жүлдегері Айбол Айтбек бұл жолы да бабында екенін байқатты. Ол алғашқы қарсыластарын тегіс ұтып, жартылай финалда Заңғар Жаңабекті ұтып, финалда Айдар Бескемпірден басым түсті. Осылайша, Айболдың асығы алшысынан түсіп, облыстық турнирге жолдама алды. Ал, үшінші орын үшін таласта Заңғар Жаңабек қарсыласын қапы қалдырды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Тараз қаласы әкімінің орынбасары Дәуір Дәулет қатысып, сөз сөйледі. «Қазақ күресі – қазақ жігіттерінің болмысы мен намысы. Біз облыстық турнирде Айбол Айтбекті намысты қолдан бермейді деп сенеміз. Оған балуанның тәжірибесі жетеді» дей келе, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді медаль, диплом және қомақты қаржылай сыйлықтармен марапаттады.
Есет ДОСАЛЫ
Тараз қаласы