Жаңалықтар

Жол сапасы қашан жақсарады?

Жол сапасы қашан жақсарады?

Мемлекет тарапынан жол салу мен жөндеуге қыруар қаржы бөлінгенімен, бүгінде оның кейбірі сын көтермейді. Ал, жол экономиканың күретамыры ғана емес, елді мекендер дамуының әрі халықтың өмір сапасының жақсартудың көрсеткіші. Сол себепті, қаржыландыру көлемі жыл өткен сайын ұлғая түсуде.

Жол сапасы мен құрылысын қадағалауға Жол активтері сапасының ұлттық орталығының қызметкерлері жауапты. Орталықтың өңірдегі филиалының сапа және мемлекеттік инженері Ахметжан Бименовтің сөзінше, жолдардың жағдайына мониторинг жүргізу барысында бірқатар кемшіліктер анықталыпты. - Жыл басынан бері республикалық маңызы бар жолдар желісіне 102 рет инспекциялық сапар ұйымдастырылды. Нәтижесінде, 148 дана жол құрылысы материалдарынан сынама алынды. Бұдан бөлек, 72 жол ақауларының дұрыс еместігіне байланысты жауаптыларға ескерту берілді. Ал, жергілікті маңызы бар жолдар желісіне 4 рет шықтық. Бұл күндері 18 дана жол құрылысы материалдарынан сынама алынды. Жүйелі жүргізілген жұмыстардың қорытындысымен барлық кемшіліктерді жоюға күш салып жатырмыз, - дейді А.Бименов.