Жезқазған Жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстарын толық көлемде қаржыландыру қажет – Әлихан Смайылов
Жезқазған Жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстарын толық көлемде қаржыландыру қажет – Әлихан Смайылов
Бірінші кезекте Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында реконструкцияланатын республикалық маңызы бар «Қызылорда – Жезқазған» автомобиль жолының учаскесіне барды. Ұзындығы 208 шақырымды құрайтын жол учаскесінде 2023-2025 жылдар аралығында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ол «Қызылорда – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» тас жолын реконструкциялау жобасы аясында іске асырылатын ұзындығы 305 км «Жезқазған – Қарағанды» күре жолымен қатар жаңғыртылатын учаскелердің бірі болады. Премьер-Министр биыл республикалық маңызы бар жолдарды дамытуға 420 млрд теңге қарастырылғанын, соның есебінен 3,6 мың шақырым жолда құрылыс және жаңғырту жұмыстары жалғасатынын атап өтті.
Primeminister.kz.