Сыбайлас жемқорлық – қоғам мәселесі
Сыбайлас жемқорлық – қоғам мәселесі
Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде өткен жиын барысында осы тақырып кеңінен қаузалды. Жиынға арнайы қатысқан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Айбек Ажибаев құқық қорғау қызметкерлерінің қашанда өзгеге үлгі болуы қажеттігін баса айтты. Ол өз сөзінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында еңбек ететін тәртіп сақшыларының сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуде алдыңғы шепте тұратындығын атап өтті. Өз кезегінде мекеме бастығы, әділет подполковнигі Нұржан Кузембаев ҚАЖ қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық фактілерін мүлде болдырмау мақсатында департамент басшылығы тарапынан кешенді шаралар жүзеге асып жатқанын мәлімдеді.