Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан 42 азамат жауапқа тартылды
Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан 42 азамат жауапқа тартылды
– Еліміздің аумағынан 72 шетел азаматы шығарылды. Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдаған жеке немесе заңды тұлғалардан заң бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының 213 азаматы жауапкершілікке тартылды. Шетелдік жұмыс күшін және мемлекетіміздің заңнамасын бұза отырып еңбек иммигранттарын тартқаны үшін 42 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 11 қылмыстық іс қозғалды. Облыста 5893 шетел азаматы тұрақты тұрады, оның 5457-сі ТМД азаматы болса, 17-сі алыс шетел азаматы, сондай-ақ 7 азаматтығы жоқ тұлға бар. Сонымен қатар, 141 шетел азаматы тұруға қатысты ықтиярхатпен, 1 кісі азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігімен ресімделген. Сондай-ақ, 338 азаматтықтан айыру дерегі ресімделді, – деді Арман Асылханұлы. Жыл басынан бері облыс тұрғындарына 9657 паспорт және 23591 жеке куәлік берілген. 4295 азаматтың жоғалған құжаттары қайта қалпына келтірілді. Анықтама деректерін өзгерту себебі бойынша 528 азамат ресімделген, оның ішінде 501 азамат тегін өзгертсе, 13 азамат ұлтын, 14 азамат туған күні мен жылын ауыстырған.
Қамар ҚАРАСАЕВА