Саясат

Облыстық мәслихат депутаттарының назарына!

Облыстық мәслихат депутаттарының назарына!

Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті, екінші сессиясы 2023 жылдың 21 сәуір күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 15:00-де келесі күн тәртібімен өтеді:

  1. Жамбыл облысының аумағында құқықбұзушылықтардың алдын алу және қылмысқа қарсы күрестің жағдайы, ішкі істер органдарының материалдық- техникалық жарақтандырылуы туралы;
  2. Жамбыл облыстық мәслихатының экономика, бюджет, салық және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебі;
  3. Әртүрлі мәселелер.

Депутаттарды тіркеу 2023 жылдың 21 сәуір күні сағат 14:30-да басталады.

* * *

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) 2023 жылдың 21 сәуірінде сағат 10:00-де өтеді. Ескерту: Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті, екінші сессиясын тікелей эфирде «Жамбыл облыстық мәслихаты» YOUTUBE платформасы арқылы көре аласыздар.  

Облыстық мәслихаттың төрағасы А.Нұралиев