Болашағы жарқын балуан
Болашағы жарқын балуан
– Нұрқанатты жаттықтырып жүргеніме 10 жылға жуықтады. Шәкіртім бұған дейін біраз белестерді бағындырып үлгерді. Десе де, бұған тоқмейілсуге болмайды. Өйткені, ел намысы сынға түсер дүбірлі додалар әлі алда. Осы мақсатқа жету үшін талмай еңбектенетін боламыз. Нұрқанат дәл қазір Анталияда оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жуық арада елге оралады. Содан соң, ұлттық құрамадағы қыз-жігіттермен бірге Шымкенттегі оқу-жаттығу лагеріне аттанады. Алдағы мамыр айында Катарда дзюдодан Әлем біріншілігі өтпек. Ел сүйетін Елдостай ағасының салмағында белдесетін шәкіртіме тек сәттілік тілеймін. Жарқын жеңістерімен бізді қуантады дегенге сенім мол, – дейді Қуат Қанаев.
Айта кетейік, биылғы жылдың 7-14 мамыр аралығында Катар елінің астанасы Доха қаласында дзюдодан Әлем чемпионатының жалауы желбіремек. Татами шеберлерінің басын қосқан айтулы жарыста ел құрамасының сапында 4 жерлесіміз өнер көрсетпек. Атап айтқанда, 60 келі салмақта Елдос Сметов пен Нұрқанат Серікбаев белдессе, Данияр Шамшаев (73кг) және Ғалымжан Қырықбай (+100кг) ел намысын қорғайтын болады.
Есен ӨТЕУЛІ