Білім

Ізденіс ілкімді нәтижеге қол жеткізеді

Ізденіс ілкімді нәтижеге қол жеткізеді

Жуырда Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты мен Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейі бірлесіп ұйымдастырған 11-сынып оқушылары арасында математикадан пәндік олимпиада өтті.

Аталған пәндік олимпиадада Құлан мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Арай Садыхан ең жоғары көрсеткішке ие болып, нәтижесінде Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтына 100 пайыз жеңілдік беретін оқу сертификатын иеленген болатын. Ынтымақтастық негізінде жүзеге асқан олимпиадаға ауданымыздағы білім беру ошақтарынан 11-сынып оқушылары қатысып, барлығы 21 білім алушы бақ сынаған еді. Солардың ішінде мәреге бірінші келген оқушымыз Арай Садыханның бұл көрсеткіші қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мектебіміздің сан қырлы екенін, кез келген бағытта мықтылығын тағы да бір дәлелдеп отыр. Бірінші мәрте ұйымдастырылған білім сайысына Арайдың еш дайындығы болмаса да, бала күннен қалыптасқан ұшқыр ойы мен зеректігінің арқасында нәтижелі болуға мүмкіндік алды. Оның үстіне, Арай Садыханның жетекшісі Мая Жұмағұлованың да еңбегін атап өту керек. Бұл тұста «Ұстазы жақсының, ұстанымы жақсы» деген қазақтың зерделі сөзі еске оралады.  

Шакизат ШОНАТАЕВА,

Құлан мектеп-гимназиясының директоры.

Т.Рысқұлов ауданы