- Advertisement -

Қазақстандықтар енді меншік иелері бірлестігін онлайн тіркей алады

17

- Advertisement -

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Digital Justice портфелі аясында жаңа жобаны іске қосты. Енді қазақстандықтар МИБ (әрі қарай – Меншік иелері бірлестігі) онлайн режимде тіркеу мүмкіндігіне ие болды.

Бұрын қазақстандықтар МИБ тіркеу және оның төрағасын сайлау үшін үй тұрғындарымен бірнеше кездесіп, әділет органдарына тиісті өтініш беріп, көп уақыт жұмсайтын. Енді ұялы телефондағы мобильді қосымша арқылы онлайн-өтінім беруге болады. Бұл қызмет «Управдом» ЖШС қосымшасында қолжетімді.

Бұл жоба арқылы онлайн форматта дауыс беруге болады. Бұл тұрғындардың қолтаңбаларын онлайн жинауға, дауыстарды, кворумды автоматты түрде санауға және электрондық хаттаманы автоматты түрде толтыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, үйдің төрағасы, хатшысы және Кеңес мүшелері қол қойған электрондық хаттама «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқорына МИБ электрондық тіркеу үшін жолданады. Жоба ең алдымен МИБ қызметінің ашықтығы, алаяқтық әрекеттерді болдырмау, үйді басқару кезінде процестерді автоматтандыру, қағаз құжат айналымынан арылуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, азаматтарға қолайлы болу үшін басқа да IT-шешімдерді ұлғайту бойынша жұмыстар жалғаса бермек. Әділет министрлігі халыққа қызмет көрсетуді жақсарту үшін реформаны іске асыруды одан әрі жетілдіре береді.

 

Даныш СУЛТАНБЕКОВ,

Жамбыл облысы әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімі басшысының міндетін атқарушы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support