Әдебиет

Шоқ тілді Шона

Шоқ тілді Шона

Таяуда Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде көрнекті сатирик Шона Смаханұлының туғанына 90 жыл толуына орай еске алу кеші өтті. Кешті белгілі сықақшы Көпен Әмірбекұлы жүргізді. Салтанатты кешті Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, ақын Маралтай Райымбекұлы сөз сөйлеп ашты. Көрнекті сатирик-жазушы Ғаббас Қабышұлының кең толғанысты баяндамасынан кейін, Шона өмірі мен шығармашылығына қатысты шағын фильм көрсетілді. Көрнекті қаламгерлер Үмбет Уайдин, Бексұлтан Нұржекеұлы бастаған қаламгерлер сөз сөйлеп, Шона Смаханұлының кісілік болмысы мен шығармашылығы жайында ой қозғады. Жерлестерінің атынан шығармашылықтағы інісі, жазушы Ерғали Сағат пен жазушы, журналист Көсемәлі Сәттібайұлы Шона Смаханұлының азаматтық қырына тоқталды. Кешке ақынның туған жерінен Талас ауданы әкімінің бірінші орынбасары Ғалым Қартабаев бастаған ағайын-туыс, жерлестері қатысты. Кеш Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен өтті.

«Қазақ әдебиеті», 28 қараша, 2014 жыл.