Әлеумет

Шу ауданындағы шырғалаң

Шу ауданындағы шырғалаң

Шу ауданында сәуір айының басында ауа райы күрт құбылып, қатты соққан желдің салдарынан бірнеше ауылда электр қуаты істен шығып, бірқатар нысанға зардап келген. Аудан әкімі Бақытжан Жәнібековтің мәлімдеуіне қарағанда, 1 4 сәуір аралығында табиғаттың «тосын мінезінен желдің жылдамдығы секундына 16-25 метрге жетіпті. Соның салдарынан бірнеше ауыл электр қуатынсыз қалып, бірқатар нысан зақымдалған.Бұрнағы күнгі кешке дейін Қонаев ауылында 100, Белбасарда 52, Бірлікте 353, Дулатта 400, Алғада 40, Балуан Шолақта 354, Төле биде 1500 абонент электр жарығынсыз қалған. Жалпы, жел салдарынан 22 электр бағанасы құлап, оның 21-і қайта қалпына келтіріліп, 4 сәуір күнгі сағат 09.00-ге дейін электр қуатынан ажырап қалған 8594 абоненттің 6637-сі қайта қосылған. «Аудандық электр қуатын тарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 16 электрші жұмысшысынан жасақталған бригадасы қалған 1957 абонентке жарық беру жұмыстарын одан әрі жүргізуде. Орталықтандырылған ауыз су, газ, жылу желілеріне зақым келмеген, қалыпты жағдайда жұмыс істеуде.

1 сәуірде шамамен сағат 18.30-да, Шу қаласы, Сейтимбетов көшесі N°3, бір қабатты, сегіз пәтерлі тұрғын үйде өрт оқиғасы орын алып, үйдің жалпы алаңы 150 шаршы метрін қамтыған. Адам аман. Тұргындар туыстарының үйіне уақытша орналасқан. Қазіргі таңда әр пәтер иесінен мемлекеттік көмекке өтініштер кабылданып, материалдық жағдайы тексерілуде. Зардап шеккендерге аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен тиісті жәрдемақы беріледі. Қатты жел салдарынан 7 білім нысаны зардап шеккен. Атап айтқанда, Корағаты округі, Мойынқұм ауылы, Мойынқұм орта мектебінің жобамен 850-900 шаршы метр алаңда шатыры ұшып, терезе әйнектері қираған. Жаңакоғам ауылдық округі Көктөбе ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектебінің жобамен 100, Төле би ауылындағы «Балалар мен жасөспірімдер орталығы» мектептен тыс мекемесінің 100 шаршы метр шатырына зақым келген. Шу қаласындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің жобамен 35-40, Шу каласындағы А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінің 90 шаршы метр алаңда шифері, Шу қаласындағы Абай атындағы орта мектебінің 60-70 шаршы метр аланда профилдік жабындысы қираған. Алға ауылындағы Амангелді атындағы орта мектепте қазандық гимаратының шифері тұтастай ұшып, Шу қаласында біркатар нысандарға зақым келген. No10 колледж жатақханасы гимаратының жобамен 120, «Қосқұдық» орман шаруашылығы мекемесі ғимаратының 55, «Омар ата» мейрамханасының 350, Сыпатай батыр көшесі бойындағы «Әуке» дүкенінің 45 шаршы метр шатыры, теміржол вокзалы ғимаратының 150 шаршы метр қаптауы, «Сауда Сервис» сауда орталынының 185 шаршы метр шатырын жел көтеріп тастаған.  Жұмысшы топ құрылып, келтірілген шығындар есептелуде.  

Шу ауданы