Тұрғындардың талап-тілегі ескеріледі
Тұрғындардың талап-тілегі ескеріледі
. Қазіргі таңда Тараз қаласын жарықтандыру, абаттандыру, көшелерін жөндеу бойынша 2023-2025 жылдарға арналған 3 жылдық даму жоспары әзірленді. Жоспар аясында бірінші кезекте мектептер, балабақшалар, денсаулық сақтау нысандары орналасқан және қоғамдық көліктер көп қатынайтын көшелер жөнделіп, жарықтандырылатын болады. Бұған дейін көне шаһардағы 1388 көшелер мен бұрылыстардың 378-і жарықтандырылды. Ал, ағымдағы жылы жергілікті қала бюджеті есебінен 680 көшені жарықтандыруға 500,3 миллион теңге жоспарланып отыр. Дәл қазір No11 аумақтық округінде 7 тұрғын алқап, 55 көше бар. Мұндағы халық саны – 25322 адам. 2021 жылы бұл округте жаңа электр жүйесі салынып, тұрғындар жаңа электр жүйесіне қосылуы тиіс еді. Алайда, жұмыстардың жүйелі жүргізілмеуіне байланысты халық мұндай мүмкіндікке қол жеткізе алмай отыр. Жаңа электр жүйесіне қосылатындығын және кооперативтерінің жабылатынын естіген кейбір саяжай иелері мен аумақ тұрғындары бұған дейін пайдаланған электр қуатының төлемдерін төлеуді тоқтатқан. Қазіргі таңда тұрғындардың қарызы 11,4 миллион теңгені құрады. Бұл өз кезегінде жаңа желіге қосылуға кедергі келтіріп отыр, – деген Қайрат Әбілханұлы округке қажетті әлеуметтік нысандар салуға тиісті қаражат қарастырылып отырғанын жеткізді. Бұдан кейін, округ тұрғындары өз өтініш- тілектерін айтуға мүмкіндік алды. Мәселен, уақытында Жамбыл ауданының құрамында болған округте бүгінде шешімін таппаған мәселелер көп екен. Шөлдала ауылының тұрғыны Динара Ғабитжанова окрутте емхана болмағандықтан, жергілікті ел-жұрт облыс орталығындағы шағынаудандардың бірінде орналасқан денсаулық нысанына қатынауға мәжбүр болып отырғанын жеткізді. Сөзінше, бұл істе қоғамдық көліктердің жетіспеушілігі де кесірін тигізіп отыр. Ал, «Шаңырақ» алабынын тұрғыны Талғат Дүкенбайұлы халықты табиғи газбен толыкқ қамтамасыз ету, ағын су және ауыз су мәселелерін көтерді. Иелері тарапынан төрт түлікке бақылаудың болмағаны себепті жайқалған жасыл шөп пен жайнаған гүлдер мал азығына айналан. Осылайша, бүтіндей елдің күшімен атқарылған еселі еңбек далғга кетіп жатқан көрінеді. Осы сипаттағы өзге де әлеуметтік мәселелерді көтерген тұрғындар облыс басшысынан көмек сұрады. - Сіздер көтеріп отырған мселелер өңіріміздің басқа аудандарына да тән. Атап айтқанда, ауыз су және ағын сумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу, жарықтандыру мен абаттандыру проблемалары күн тәртібінен түскен емес. Қазіргі таңда бұл мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Ашығын айту керек, кейбір проблемалардың түйінін ертең-ақ тарқатуға болатын болса, өзгесіне уакыт кажет. Өйткені, тисті жобалық-сметалық құжаттары әзірленуі тис. Болашақта Тараз қаласы екі ауданға бөлінеді. Оңтүстік және Солтүстік аумақтарына бөлінетін көне шаһарда әлеуметтік мәселелерді де шешу жеңілдей түседі. Қазірдің өзінде, қаладағы және қала аумағындағы елді мекендерде көшелерді жарықтандыру, тұрғындарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмыстарына айрықша көңіл бөлінуде. Ал, бүгінгі таңда округ тұрғындарының 65 пайызы табиғи газдың игілігін көріп отыр. Бұл жұмыстар жалғаса береді. Жалпы, абаттандыру мәселесіне әрбір тұрғын жауапты. Себебі, сіздер өз аулаларыңыз бен көше бойын таза ұстасаңыздар, мұндай мәселе туындамас еді. Жергілікті билікке өзге проблемаларды шешуіге мумкіндік берулеріңіз қажет-ақ. Біз әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпаған жұмыссыздықты азайтуға күш салуымыз керек. «Ауыл аманаты» жобасының негізгі мақсаты - осы. Көлтоған, Құмшағал, Шөлдала, Шаңырақ, Жиделі, Қызылабад елді мекендері мен 28 саяжай тұргындары 2,5 пайызбен несие алуы үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде. Мұның бәрі ел еңсесін көтеру үшін қолға алынып отыр, - деді өңір басшысы Нұржан Нұржігітов. Кездесу соңында тұргығындарды жеке сұрақтарымен қабылдаған Нұржан Нұржігітов әрбір ұсыныс-тілектің ескерілетінін атап өтті. Айта кетейік, бүгінде қала ішінде қоғамдық көліктің тапшылығын жою бағытында биыл қалалық бюджеттен 2 миллиард теңге бөлінген. Нақтылай түссек, жыл сайын 100 автобус сатып алу жоспарлануда. Сондай-ақ, ағымдағы жылы 12 елді мекендегі денсаулық сақтау нысандарына күрделі жөндеу жумыстары жургізіледі деп күтілуде.
Есен ӨТЕУЛІ