Әлеумет

«Дипломмен ауылға» бағдарламасының игілігін көрген жас маманның бірімін» - Қ. Әбдімәліков

«Дипломмен ауылға» бағдарламасының игілігін көрген жас маманның бірімін» - Қ. Әбдімәліков

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Сыр өңірінде «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасының игілігін көріп отырған жас мамандардың саны артып келеді. Қайрат Әбдімәліков сондай жастардың бірі. Ол мемлекеттік бағдарлама арқасында тұрғын үйге қол жеткізгенін ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.

«Мен Қызылорда аграрлық-техникалық колледжінің «малдәрігері» мамандығын 2000 жылы бітірдім. Бастапқыда «Жетіасар» сенім серіктестігіне малдәрігер фельдшер болып қызмет атқардым. Кейіннен  «Қармақшыветсервис» ЖШС мал дәрігері болдым. Мұнан кейін де түрлі кәсіппен айналыстым. Өз мамандығым бойынша тұрақты қызмет етуге баспананың болмауы кедергі болды. Осыдан екі жыл бұрын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Қызылорда қалалық малдәрігерлік стансасының Қызылжарма ауылдық округінің ветеринариялық маман қызметіне қабылдандым. Осы жерде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы негізінде алғашқыда 121 170 теңге көлемінде көтерме жәрдемақы алдым. Биылғы жылы 2 245 302 теңге мөлшерінде тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие берілді, сол  несие арқылы Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылдық округі, Ұлытау көшесі №12 үйге  қолым жетті», - дейді  Қ. Әбдімәліков.

Мемлекеттік бағдарламаның игілігін көріп отырған жас маман Қайрат Әбдімәліков отбасылы, жанұясында екі ұл тәрбиелеп отыр. Келіншегі Заріпова Гулзира Бұйратбекқызы,  колледжде мұғалім болып қызмет атқарады.

kazinform.kz