Марат Ахметжанов Ішкі істер министрі болып қайта тағайындалды
Марат Ахметжанов Ішкі істер министрі болып қайта тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Aq jol kz. Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полиция генерал-полковнигі М.М. Ахметжанов 1964 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келген. 1991 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, заңгер. «Құрмет» (2008) және ІІ дәрежелі «Даңқ» (2014) ордендерімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медальдарымен, «Ресей флотына 300 жыл» естелік медалі және «Адмирал Кузнецов» медальдарымен марапатталған.