- Advertisement -

Орман шаруашылығы саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет

299

- Advertisement -

Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 36-бабы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалануға рұқсаттама құжаттары:

ағаш кесу билеті мен орман билеті негізінде ғана жол беріледі.

Ағаш кесу билеті орман пайдаланушыға, оны беру үшін негіздеме болған құжаттарда көрсетілген орман пайдалану түрлерін ғана жүзеге асыруға, белгіленген көлемде және мемлекеттік орман қорының нақты учаскесіне арнап беріледі.

Орман билеті жанама орман пайдалануды жүзеге асыруға, мемлекеттік орман қоры жерінде ғылыми- зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалануға құқық беретін құжат болып табылады.

«Орман пайдаланушыларға ағаш кесу мен орман билетін беру» – «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/40 бұйрығымен реттеледі. Аталған мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 1 жұмыс күні. Қызмет орман пайдалану бойынша жеке және заңды тұлғаларға «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы арқылы тегін және электронды форматта көрсетілетінін хабарлаймыз.

 

Гүлмира ЖАБАҒИЕВА,

облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды

реттеу басқармасының бас маманы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support