- Advertisement -

Жастармен пікір алмасты

143

- Advertisement -

Бүгін мен келешекті жалғап, ел ертеңін еңселендіру мақсатында жастармен бірге болу, олардың көкейіндегі сұраққа жауап беріп, қолдау көрсету – бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттерімен осы мақсатта кездесті.

– Мен де бұрынырақ сіздердің орындарыңызда отырып, бүгінгі сіз тұрған жерде тұрдым. Кейін жеке жұмыс берушіде де, мемлекеттік қызметте де жұмыс істедім. Еңбек жолында туған жерім – Қордай ауданының әкімдігінде, ішкі саясат, жастар саясаты бөлімдерінде және де республикалық деңгейде қызмет еттім. Бұл қызметте жүргеніме бір жылдай уақыт болды және осы уақыт ішінде әлеуметтік саланың барлық қыр-сырын зерттедім.

Бүгінде облыс халқының үштен біріне жуығын жастар құрайды. Сондықтан, олардың мәселелерін шешу – мемлекеттік органдардың назарында. Сырттай көрініп тұрған және көпшілік білетін өзекті мәселелер қатарында жаңа жұмыс орындарын ашу, жалақыны жүйелі және біркелкі көтеру, жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселесін бөлек атап өткім келеді. Аз ғана уақыттың ішінде референдумға қатысып, Президентті, Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайладық. Өзгеріс дәуірінде өмір сүріп жатқан бүгінгі жастардың заман ағымына ілесіп, саяси сауатты болуы, еліміздің қоғамдық өміріне араласуы өте маңызды, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Еркін Құлымбайұлы еркін форматта өткен кездесу барысында жастар үшін барлық есік ашық екенін, әр адам өзінің сүйікті ісімен айналысып, кез келген мамандықтың шыңына жете алатынын баса айтты. Ол жастарға атқарып жатқан жұмысы, қай саланы қадағалайтыны және әкімдіктегі бөлімдердің бір- бірімен байланысы туралы жан- жақты айтып берді. Университеттегі сұранысқа ие мамандықтарды талқылап, сонымен қатар оларды қазіргі заманауи мамандықтар тізімімен салыстырды.

Сондай-ақ, студенттердің сұрағына жауап берген Еркін Үйсімбаев ауыл жастарын қолдау шараларын кеңінен әңгімелеп берді. Өзін-өзі тәрбиелеудің әлеуеті мен тұрақты кітап оқудың артықшылықтарын талқылап, бірнеше классик жазушыны атап өтіп, шетел әдебиетінен Джек Лондонның шығармашылығымен танысуға кеңес берді.

 

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support