- Advertisement -

Тұрғындарды қабылдап, өтініштерін тыңдады

121

- Advertisement -

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген Тараз қаласы және Жамбыл ауданының тұрғындары негізінен ауыл шаруашылығына инвестиция тарту, баспана және басқа да әлеуметтік мәселелерді көтерді.

Айталық, тараздық Сахабек Бердіқожаев Мойынқұм ауданының ауылшаруашылық саласын дамыту үшін әзірленген бизнес жоспарымен таныстырса, Жамбыл ауданынан келген азаматша «Асарлатып үй салу» жобасы аясында баспана мәселесін шешіп беруді сұрады.

Өзге де азаматтар түрлі мәселелерін жеткізіп, атқарушы билік тарапынан қолғабыс етулерін өтінді.

Облыс әкімі барлық сұрақтар заң аясында шешілетінін атап өтіп, кейбір мәселелер бойынша жан-жақты мүмкіндіктерді қарастыру, зерделеу жүргізу үшін жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support